МКҚК «Гаухар» бөбекжай-бақшасы туралы мәлімет
2011 жылдың 1 қыркүйегінде Қобда ауданы, Талдысай ауылында «Балапан» бағдарламасы негізінде Талдысай мектеп-балабақша кешені жанынан «Болашақ» балабақшасы 3 - 5 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналып ашылған болатын.

2013 жылдың 1- сәуірінен бастап өз бетінше мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны «Гаухар» бөбекжайы» болып Талдысай орта мектебінен бөлініп жұмысын жалғастырды. Бөбекжай директоры болып Кайназарова Венера Кабиболлаевна тағайындалды.

«Гаухар» бөбекжайы» Талдысай орта мектебінің оң қанатында орналасқан.
2015-2016 оқу жылында 3 топ ашылды. «Балбөбек» І кіші сәбилер тобында (1-3 жас аралығы) 25 бала, «Балапан» ІІ кіші сәбилер тобында (3-5 жас) 25 бала және «Айгөлек» жартыкүндік топта 1-5 жас аралығында 12 бала қабылданды.
2018 жылдан бастап екі топ «Балбөбек» ерте жас пен кіші топ, «Балапан» ортаңғы және ересек топ балалары оқу - тәрбие мен білімге қамтылды.
2020 жылдан бастап бөбекжай директоры Буркутова Балауса Тыныштыковна болып тағайындалды.
Бөбекжайда қазіргі таңда екі топ «Балапан» ортаңғы және ересек аралас тобы, «Балбөбек» ерте жас және кіші аралас тобы қызмет етуде.
Екі ойын бөлмесі, екі жатын бөлмесі бар.
Бөбекжайда барлығы - 13,45 штаттық бірлікпен 14 адам қызмет атқарады.
Педагогтар саны-7 адам, директор, әдіскер, 4 тәрбиеші, 7 кіші қызметкер еңбек етеді. Педагогтардың 1 -жоғары санатты, 2-екінші санатты, 3-санатсыз, 1-модератор біліктілігі бар.

Қазіргі таңда бөбекжайда барлығы 46 тәрбиеленуші оқу-тәрбие қызметімен қамтамасыз етілуде.
«Гаухар» бөбекжайында балалардың денсаулығына ықпал ететін іс-шаралар, таңертеңгілік жаттығулар күнделікті балабақша өмірінде. Сонымен қатар бөбекжай медбикесі балаларды күнделікті тазалығын тексеріп, салмағын, бойын өлшеп отырады.

2015 оқу жылында «Балбөбек» І сәбилер тобының тәрбиешісі И.Мешитхан «Бақытым да, байлығым да денсаулық. Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында қысқа мерзімді жобаны қорғап шықты.
Мақсатсыз адам - жоқ дей,- келе біздің бөбекжайдың жұмыс жасап жатқанына аз уақыт болғанымен, алға қойған мақсаттарымыз зор. Оқу тәрбие үрдісі заман талабына сай , болашақта бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде, біліктілігі мен білімі ұштасқан педагог кадрлар аянбай еңбектенуде. Заманға сай даму мақсатында бөбекжай ұжымы оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияларды яғни, инновациялық технологияларды қолдануда. Мәселен, интерактивтік тақтаны, проекторды, ұлттық тәлім-тәрбие беру мақсатында «Даналық әліппесімен» жұмыс жақсы жолға қойылған. Күнделікті оқу процесінде тәрбиешілер мен психолог «Триз» технологиясын қолданып балалармен түрлі жұмыстар ұйымдастырып отырады.

Мария Монтессоридің әдістері мен «Құм терапиясын» қолдану арқылы бөбекжайда балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту жұмыстары да кеңінен қолданылады.

Заманауи әдістердің бірі «Лэпбук» түрлерін де тәрбиешілер шебер қолдарымен әзірлеп баланың дамуына жағдай жасауда.

2013-2015 оқу жылдарында бөбекжайдың алдына қойған мақсаты жобалау технологиясын эксперимент ретінде бөбекжай жұмысына енгізу болды. Бұл технология бойынша «Балапан» 2- кіші топ тәрбиешісі Қалдыбекова Н.А. «Дәруменді бақша» тақырыбында жарты жылдық жұмыс жасап сәтті аяқтады. Бұл жұмысты балалар бар қызығушылықтарымен, ата-аналар белсенділігімен қызу жұмыс жүргізді. Тәрбиешінің бұл жұмысы 2014 жылдың 19- қыркүйегінде «Гаухар»бөбекжайында» өткізілген алғашқы аудандық семинар қонақтарына сынға салынды. 2015 жылдың 20 - мамыр күні «Гаухар» бөбекжайында «Мектепке дейінгі тәрбие берудегі инновациялық әдіс-тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
2014 жылы Халықаралық экология және инженерия ғылым академиясының ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігі мерекесіне орай өткізілген «Самый образцовый детский сад - 2014» сайысында жүлделі ІІ орынға ие болып Диплом мен алқа табысталды.
Бөбекжай директоры В.К. Кайназарованың бастауымен «Гаухар» бөбекжайында 2015-2016 оқу жылдарында Ақтөбе облыстық оқу - әдістемелік орталығының оқу - әдістемелік кеңесінің 01.09.2015ж №735 бұйрығы, АББ-нің негізінде «Инновациялық технологияларды қолдана отырып,Ұлттық тәлім-тәрбие беру» тақырыбында облыстық эксперименттік жұмыс жүргізілді. Эксперименттің өту мерзімі 2015-2018 оқу жылдары. Эксперимент жетекшісі болып тәрбиеші И.Мешитхан тағайындалды. Эксперимент нәтижесі сәтті аяқталды..
Осы оқу жылында республикалық «Үздік балабақша-2020» байқауына онлайн қатысып жүлделі екінші орын иеленді.